AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 0.16
471.77
EUR 1.18
547.25
RUB 0.01
6.60
CNY 0.00
69.35

«Сегіз қырлы, бір сырлы» шопан: домбырамен жайлауда ән салған жігіт елді сүйсіндірді

Screenshot 2026-04-27 113905
Фото: instagram.com/yernar.almabek

Әлеуметтік желіде қарапайым шопан жігіттің өмірі мен өнерін көрсеткен видео көптің ықыласына бөленді, деп хабарлайды Ait Media. Видео авторы Ернар Алмабек жайлауда мал бағып жүрген азаматпен тілдесіп, фотоға түсіріп, өнерін тамашалады.

Кадрда автор: «Мынандай жаңбырлы күнде қой баққан қиын емес пе?» деп сұрайды.

Ал шопан болса:

«Қиын емес. Өзіміздің төрт түлік малымызды бағып, кең далада жүрген. Оның жақсысы да бар, жаманшылығы да бар. Осындай жауынды күні де бар, ашық күні де бар. 12 жыл болды. Әкем тастап кетіп еді, содан кейін, мінекей...», – деп жауап береді.

Белгілі болғандай, ол жылқы мен сиыр да бағады, тек түйесі жоқ екен. Сонымен қатар, кейіпкер бұл кәсіптің оңай көрінгенімен, үлкен төзім мен шыдамды қажет ететінін атап өтті:

«Кейбіреулерге оңай сияқты көрінеді. Төзім керек, шыдам керек. “Асық ойнаған озар, доп ойнаған тозар, қой баққан озар” дегендей, ата-бабамыздан қалған кәсіпті жалғастырып жүрміз», – дейді ол.

Видео барысында кейіпкер домбыра алып, Шарын Алғазыұлының өлеңін айтыс мақамына салып орындап береді. Оның қоңыр дауысы мен шынайы образы көрермендерді ерекше әсерге бөледі.

Автордың айтуынша, бұл кейіпкер – Шалкөде жайлауында кездескен Досбол есімді азамат. Сонымен қатар, ол шопанның бірнеше әсерлі фотосын түсіріп, желіде бөліскен.

Screenshot 2026-04-27 113912

Screenshot 2026-04-27 113952

Screenshot 2026-04-27 113841

Screenshot 2026-04-27 113921

Желі қолданушылары да бейнежазбаға жылы пікірлерін жаудырды. Бірі: «Нағыз қазақтың жігіті, қарапайым әрі еңбекқор» десе, енді бірі: «Қой ғана емес, ой да бағып жүрген парасатты азамат екен» деп жазған. Тағы бір пікірде: «Сегіз қырлы, бір сырлы жігіт – қолында қамшы да, домбыра да бар» делінген.

Көпшілік шопанның шынайылығы мен өнеріне тәнті болып, оған ақ тілектерін білдіруде.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.