AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 0.00
487.44
EUR 0.00
567.38
RUB 0.00
6.62
CNY 0.00
72.05

Сабина Димаш Құдайбергенмен жақын араласқанын мойындады

Screenshot 2026-06-08 100537
Фото: Видеодан кадр

Блогер Сабина Мовлаева журналист әрі тележүргізуші Динара Сатжанға берген сұхбатында әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенмен болған жақын-қарым қатынасы туралы айтып берді, деп хабарлайды Ait Media.

Сұхбатта шоу командасы Сабинаға жұп ретінде сай келетін атақты қазақстандықтарды ұсынып, олармен және Сабинамен бірге ЖИ-фотолар жасаған. Олардың ішінде Димашпен де Сабинаның жұп сияқты бейнеленген фото да бар. Осы сәтте ол Димашпен болған сәттерді еске алып, бөлісті.

Сабинаның сөзінше, олар бір-бірін бала кезден білетін. Екеуі де Ақтөбедегі өнер ортасында жүрген кезде танысып, сол ортада бірге уақыт өткізген. Ол сол жылдарды еске алып, Димашпен бірнеше рет кездескен сәттері болғанын да жасырмады.

«Димашты мен өте ертеден танимын. Біз бала кезімізде Ақтөбедегі филармонияда бірге жүргенбіз. Сол уақытта бір-бірімізді жиі көріп, араласып жүрдік. Кейін жас кезде бірнеше рет кездесуге де шыққанбыз», – деп бөлісті блогер.

Сабина олардың қарым-қатынасы атақ-даңққа дейінгі кезеңде болғанын атап өтті. Ол кезде бәрі қарапайым, достық деңгейіндегі араласу болғанын жеткізді.

Дегенмен, Сабина қазіргі таңда бұрынғыдай жақын қатынас сақталуы екіталай екенін де ашық айтты. Оның айтуынша, бұған уақыттың өтуі ғана емес, әлеуметтік желідегі қысым мен сын-пікірлер де әсер еткен.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.