AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 6.69
473.13
EUR 5.82
554.08
RUB 0.02
6.13
CNY 0.86
69.29

Run for Autism жүгіру жарысы 26 сәуірде Астанада өтеді

pexels-caique-araujo-101156227-10439804
Фото: Pexels

Бүгін Астанада IV жыл сайынғы "Run for Autism" қайырымдылық жүгіру жарысына арналған пресс-конференция өтті, деп хабарлайды Ait Media.

Жүгіру жарысының ұйымдастырушысы — «Болашақ» корпоративтік қоры. 2015 жылдан бастап қор «Әрбір бала мектепке лайық» бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Бағдарлама аутизмі бар және басқа да менталдық ерекшеліктері бар балалардың білім алуына жағдай жасауға бағытталған. Халықаралық деректерге сәйкес, Қазақстанда әр 124-ші балада аутизм кездеседі.

2026 жылы жүгіру жарысы 26 сәуірде Астанада, Ботаникалық бақта өтеді. Қатысушылар төрт қашықтықты таңдай алады: 1 км, 2 км, 5 км және 10 км. Қатысу құны 8 990 ₸ бастап 11 990 ₸ дейін. Барлық жиналған қаражат «Әр бала мектепке лайық» жобасын қолдауға жұмсалады. Тіркелу сайтта анкета толтыру арқылы жүзеге асады.

Алғашқы жарыс 2023 жылы Астанадағы Триатлон бағында өткен.

Самал Албилекова, «Болашақ» қорының инклюзивті жобалары жетекшісі, шараның ауқымдылығын атап өтті:

"Run for Autism" тек Қазақстанда ғана емес, жалпы ТМД елдерінде ең үлкен инклюзивті жүгіру болып саналады. Бұл халықаралық іс-шара жыл сайын Нью-Йорк, Рим, Лондон сияқты мегаполистерде өтеді, енді Астана да осы қатарға қосылды. Биыл бұл шара төртінші рет өтеді. Соңғы үш жылда шамамен 6 500 қатысушы болды. Олардың ішінде тек елордалықтар ғана емес, басқа қалалардан және шетелден онлайн қатысқан адамдар да бар. Біз бұл көпжақты қолдауға өте қуаныштымыз.

Жоба жетекшісі атап өткендей, шараға тұрақты спортшылармен қатар, ерекшеліктері бар балалар, жасөспірімдер және ересектер қатысады. Олардың отбасылары, достары, тіпті, көршілері де қолдау көрсетуге келіп жатады.

Соңғы үш жылда елордалық балабақшаларда, мектептерде және колледждерде инклюзивті қолдау кабинеттерін аштық. Бұл кабинеттер ерекшеліктері бар балаларға арналған. Қазіргі уақытта кейбір балаларымыз мектеп бітіріп жатыр, біз оларға кәсіби білім алуға көмектесуді де жоспарлап отырмыз, – деді Самал Албилекова.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.