AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 0.16
471.77
EUR 1.18
547.25
RUB 0.01
6.60
CNY 0.00
69.35

Ринат Зайытов: оқушылардың тәртібі мұғалімге ғана емес, бүкіл қоғамға байланысты

67502e7c79bdd466127826
Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов қазіргі қоғамдағы мектептегі тәртіп пен мұғалім беделіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ait Media. Оның айтуынша, бүгінгі таңда оқушылардың мұғалімдерді тыңдамауы немесе ата-аналардың мұғалімдерге жиі шағымдануы сияқты жағдайлар бар.

«Бар ондай. Сондықтан біз педагог мәртебесі туралы заңды қабылдап жатырмыз. Бұл заңның мақсаты – мұғалімдердің беделін көтеру, оларды қорғау», – деді ол.

Алайда депутат бұл заң оқушылардың тәртібін тікелей өзгертуге бағытталмағанын атап өтті.

«Бұл заң оқушыларды мұғалімді тыңдауға тікелей әсер етпейді. Ол – мұғалімдерді қорғауға арналған», – деді Ринат Зайытов.

Журналистің «Оқушылар сабаққа құлақ аспаса, бұл жақсы үрдіс пе?» деген сұрағына ол мұны жағымсыз құбылыс деп бағалады.

«Әрине, бұл – жаман үрдіс», – деді депутат.

Бұл мәселені шешу туралы сұраққа Зайытов тәртіптің тек бір факторға байланысты емес екенін айтып, кешенді тәсіл қажет екенін жеткізді.

«Оны кешенді түрде түзеу керек. Ата-анадан бастап, учаскелік полиция, Оқу-ағарту министрлігінің бағдарламалары, ақпарат министрлігінің контенті – бәрі әсер етеді. Бала бір ғана себептен бұзылмайды, әртүрлі факторлар әсер етеді», – деді ол.

Депутаттың айтуынша, қоғамдағы тәрбиелік және ақпараттық орта да баланың мінез-құлқына тікелей ықпал етеді.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.