USD 0.00
450.91
EUR 0.00
522.69
RUB 0.00
5.33
CNY 0.00
67.22
Жаңалықтар

Регламентті бұзса, Құрылтай депутаты бір күндік жалақысынан қағылады

IMG_0177
Фото: https://t.me/quryltairesmi

Құрылтайда Регламент бұзған депутат бір күндік жалақысынан айырылады, деп хабарлайды Ait Media.

Құрылтайдың жаңа Регламентінде депутаттық этика талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік те қарастырылған. Соның бірі - бір күндік жалақыдан айыру.

Ал бұл қанша теңге?

Бұл сұраққа Құрылтай вице-спикері Дания Еспаева жауап берді. Оның айтуынша, депутаттардың жалақысы еңбек өтілі мен қызметіне қарай өзгереді және шамамен 600 мыңнан 1 млн теңгеге дейін жетеді.

«Соны 24 күнге бөліп, бір күндік жалақысын есептеп көріңіз», - деді Дания Еспаева.

Мәселен, айлығы 1 млн теңге болатын депутаттың бір күндік жалақысы шамамен 41,7 мың теңге болады.

Поделиться