Премьер-министр Алматы облысының әкіміне сын айтты
Фото: Ait Media
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысы барысында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті сынға алды, деп хабарлайды Ait Media. Ескертуге өңір басшысының алдағы жылыту маусымына дайындық барысы туралы баяндамасы себеп болды.
Сұлтанғазиевтің баяндамасын тыңдаған Үкімет басшысы дайындықтағы кідірістерге сыртқы факторларды себеп етіп, жауапкершілікті басқаға аударуға тырысқанына наразылығын білдірді.
«Сізді тыңдасаңыз, өзіңізден басқаның бәрі кінәлі», – деді Бектенов.
Талқылау қорытындысы бойынша премьер-министр Алматы облысының әкіміне жұмысты жандандырып, өңірдің коммуналдық инфрақұрылымын қысқа дайындау барысындағы артта қалушылықты жедел жоюды тапсырды.