USD 0.67
447.94
EUR 1.51
502.32
RUB 0.04
5.52
CNY 0.08
67.12
Калькулятор оценки благосостояния / Әл-ауқат деңгейін есептейтін калькулятор

Өздері терген бүлдіргенді туристерге сатқан бүлдіршіндер жұртты тәнті етті

Өздері терген бүлдіргенді туристерге сатқан бүлдіршіндер жұртты тәнті етті
Фото: Pexels

Әлеуметтік желілерде ауыл балаларының өздері терген бүлдіргенді туристерге ұсынып сатқаны туралы видео жарияланды, деп хабарлайды Ait Media.

Видеода балалар стақанға өздері терген бүлдіргенді салып, туристерге: «Бүлдірген аласыздар ма?» – деп қуанышпен ұсынған. Бұл оқиға Алтай аймағында жаз мезгілінде болған екен.

Автор видеода:

"Біз Алтайдың ең биік шыңы Мұзтауға бара жатқан жолда едік. Сол маңдағы Қазақстандағы соңғы үйдің қақпасынан ауылдың балалар жүгіріп шығып, жарыса бізге бүлдірген ұсынып жатты" – деп бөлісті.

Жанар есімді турист әр бір стақан бүлдіргенге 10 000 теңге ұсынған. Саяхатшылар әр баланы құшақтап, басынан сипады.

Автор сондай сәтке деген таңданысын білдіріп:

"Осындай Алтай тауларындағы бақытты жаздан артық ештеңе жоқ сияқты. Соның бәрін тағы да асыға күтеміз" – деп жазды.

Бұл видео әлеуметтік желі қолданушыларының жүрегін жаулап, көпшілікті сүйсіндірді.

Поделиться