AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 0.16
471.77
EUR 1.18
547.25
RUB 0.01
6.60
CNY 0.00
69.35

"Өздері солай келіскен сияқты": Ләйлә Сұлтанқызының пікірі желіде дау туғызды

Дизайн без названия (30)
Фото: instagram.com/sultankyzy, видеодан кадр

Жақында әлеуметтік желілерде қазақстандық тойда түсірілген видео кеңінен тарады. Онда күйеу жігіт торттың алғашқы тілімін қалыңдығына емес, анасына ұсынғаны көрінеді. Осы жағдайға қатысты Ләйлә Сұлтанқызы пікір білдірді, деп хабарлайды Ait Media.

Дәстүр бойынша, алғашқы торт бөлігін жас жұбайлар бір-біріне ұсынуы керек деген түсінік бар. Сол себепті бұл әрекет желі қолданушылары арасында түрлі пікір тудырып, қызу пікірталасқа ұласты.

Ал Ләйлә Сұлтанқызының айтуынша, бұл жағдайды біржақты бағалауға болмайды:

«Видеоны көргенде, бірінші ойыма “өздері солай келіскен шығар” деген ой келді. Бірден келінді, ұлды немесе ананы жаман деу дұрыс емес», — деді ол.

Сондай-ақ, ол көпшілікті асығыс қорытынды жасамауға және жастардың жеке өміріне араласпауға шақырды.

Алайда желі қолданушыларының басым бөлігі бұл пікірмен келіспейтінін ашық жазуда. Көптеген пікірлерде қалыңдықтың эмоциясы оның бұл жағдайға риза болмағанын аңғартқаны айтылған.

Пікір қалдырушылардың бірі:

«Бұл тек торт беру емес, үйлену тойдағы екі жастың символикалық сәті. Алдымен бір-біріне ұсынып, кейін ата-анасына беруге болатын еді», — деп жазды.

Тағы бір қолданушы «Қыздың эмоциясынан-ақ бәрі көрініп тұр», — деп пікір білдірген.

Сонымен қатар, кейбір желі қолданушылары тележүргізушінің көзқарасын оның тек ұл тәрбиелеп отырғанымен байланыстырып сынға алған. Бұл пікірлерге жауап ретінде Ләйлә Сұлтанқызы өзінің де біреудің келіні әрі қызы екенін атап өтті.

Дегенмен, пікірлер тек сынмен шектелмеді. Кейбір қолданушылар керісінше, қоғамның кез келген жағдайды ушықтырып жіберетінін айтып, жас жұбайларды қорғап шықты:

«Біздің халық біреудің отбасын талқылауға құмар», — деп жазды оқырмандардың бірі.

Қазіргі таңда бұл видео әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, отбасы құндылықтары, дәстүр және заманауи көзқарас тақырыбында қызу пікірталас тудыруда.

View on Threads

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.