AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 0.16
471.77
EUR 1.18
547.25
RUB 0.01
6.60
CNY 0.00
69.35

Өскеменде Макпал Жүнісова отырған Lexus LX 570 тоқтатылды: полиция жүргізушіні жауапқа тартты

Screenshot 2026-05-04 130933
Фото: instagram.com/zhunusova.makpal

Өскеменде полиция қызметкерлері Lexus LX 570 көлігін тоқтатты. Көліктің салонында Қазақстанның халық әртісі, әнші Макпал Жүнісова болған, деп хабарлайды Ait Media.

Оқиға 3 мамыр күні Бажов көшесінде болған. Тексеру барысында тәртіп сақшылары көліктің алдыңғы бүйір әйнектеріне қара түсті тонировка жасалғанын анықтады.

Ведомство мәліметінше, жүргізуші Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Тексеру кезінде Макпал Жүнісова көліктің ішінде болған, ал жүргізуші полиция қызметкерлерімен сыртта сөйлескен. Кейін бұл сәт түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады.

Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша бақылау тұрақты түрде жүргізілетінін атап өтіп, жүргізушілерді заң талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

макпал жунусова

Айта кетейік, Макпал Жүнісова Өскемен қаласына концерт өткізу үшін барған.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.