AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 0.00
485.95
EUR 0.00
565.74
RUB 0.00
6.83
CNY 0.00
71.81

Оралда түлектер 60 жылдан кейін қайта қауышты

mektep2
Фото: 11-mektep.edu.kz

Орал қаласында ерекше әрі жүрекке жылу сыйлаған оқиға орын алды – бір мектептің түлектері 60 жылдан кейін қайта бас қосып, сағынышқа толы кездесу өткізді, деп хабарлайды Ait Media.

Кездесуді Дарынды балаларға арналған С. Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты ұйымдастырған. Шара туралы тойхана тарапынан жарияланған видеода түлектердің салтанатты түрде, кезек-кезек залға кіріп келе жатқаны көрінеді. Қатысушылар арасында костюм киген ер азаматтар мен сәнді көйлек киген апа-әжелер бар.

«Жылы, көптен күткен түлектер кездесуі.

1966 жылы мектепті бес сынып бітірген болатын, алайда бұл кездесуге барлығы бірдей келе алған жоқ — өкінішке қарай, кейбір түлектер бұл мерекелік сәтті көре алмады…

Осы тамаша күні әдемі, дарынды апа-аталарымызды бірге қолдайық» — деген жазба да қалдырылған.

Кездесу жылы атмосферасымен, қуаныш пен сағыныш сезіміне толы болды. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл видеоны жылы қабылдап, түлектердің рухына, бірлігіне және өмірге деген құштарлығына жоғары баға беруде.

Желі қолданушылары бұл видеоны жылы қабылдап, өз әсерлерімен бөлісуде. Пікірлерде түлектердің келбеті мен ерекше бейнесі туралы көптеген жылы лебіздер жазылған. Мәселен, бір қолданушы «күлгін шашты апамыз от қой» десе, енді бірі «медальдары бар ағай өте сымбатты, келбетті көрінеді» деп таңданысын білдірген. Сонымен қатар, көпшілік «осындай кездесулер жүректі елжіретеді» деп, қатысушыларға ұзақ ғұмыр мен мықты денсаулық тілеуде.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.