«Оңтүстік қыздары ЖИ дейді»: ас үйде ет тураған ерлер желіні тәнті етті
Әлеуметтік желілерде бір топ ер адамдар дастархан басында ет турап, ас әзірлеумен айналысып жатқан видео қызу талқылануда, деп хабарлайды Ait Media. Ал жанында тұрған әйелдер өзара әңгімелесіп, еркін уақыт өткізіп тұр.
Видеоға «солтүстіктікке тұрмысқа шыққанда» деген сөздер қосылып жазылған.
Кадрлардан барлығының көңілді, жайлы атмосферада отырғаны байқалады. Бұл көрініс желі қолданушылары арасында қызу пікірталас туғызды: бірі мұны солтүстік өңірге тән мәдениет десе, енді бірі әзілмен «оңтүстіктің қыздары бұны ИИ деп ойлайды» деп жазуда.
Пікірлер арасында «Павлодарда ондай болмаса күйеуге алмайды», «Солтүстіктің жігіттеріне ешкім жетпейді», «Бұл — тәрбие мен құрметтің белгісі» деген жылы лебіздер жиі кездеседі. Сонымен қатар, «Бұл фейк», «Барлығы шыққан аймаққа байланысты емес, адамның өзіне байланысты» деген пікірлер де бар.
Кейбір қолданушылар ер адамның ас үйде көмектесуін қалыпты жағдай ретінде қабылдап, бұл отбасыдағы сыйластық пен қолдаудың көрінісі екенін атап өткен. Ал енді біреулер дәстүрлі рөлдер өзгеріп бара жатқанын айтып, түрлі көзқарас білдіруде.
Айта кету керек, бұл — мұндай мазмұндағы алғашқы видео емес. Бұған дейін де әлеуметтік желілерде ер адамдардың тұрмыстық, ас үй жұмыстарына белсенді араласатынын көрсететін бірнеше ролик кеңінен таралған.
Мысалы, кейбір видеоларда қонақ келген кезде ер азаматтардың ыдыс жинап, шай мен көже құйып жүргенін көруге болады. Пікірлердің бірінде қолданушы: «Менің түсінігім бойынша, анасынан көп тәрбие көрген ер адамдар осындай болады», – деп жазса, енді бірі: «Мен Шымкенттенмін, екі метр жерде тұрған қасыққа әйелімді жұмсаймын, бұл мақтаныш емес, тәртіп», – деп өз көзқарасын білдірген.
@arai_muratkyzi Солтүстіктің күйеубаллары, бәріңіз осындайсыздар ма? Жазып кетіңіздерші осы видеоны ректен көрсеңіздер)) Қыздарға жар таңдауда көмектесейікші)) #врек #врекомендации #серевныемужчиныонитакие #көкшетаудыңжігіттерібарма ♬ оригинальный звук - Amre
Тағы бір видеода жігіттердің ас үйде көкөніс тазалап, әйелдерге көмектесіп жүргені көрсетілген:
Басқа бір видеода солтүстік өңірі ер адамдарының қонақ кеткеннен кейін дастарханды жинап, балаларға қарасып жүргенін байқауға болады.