Өнер қырандары актерінің денсаулығы сыр берді
«Өнер қырандары» әзіл-сықақ театрының актері Меліс Наурызбековтің денсаулығы нашарлағаны белгілі болды, деп хабарлайды Ait Media. Бұл туралы театр директоры Мадияр Серікбаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, актердің беліне ота жасалғаннан кейін дәрігерлер оған кемінде алты ай бойы тынығып, ауыр қозғалыстан бас тартуды ұсынған. Алайда Меліс Наурызбеков гастрольдік сапарға шығып, сахнаға қайта оралған.
Кейін актердің жағдайы қайта күрт нашарлаған.
«Негізі 6 ай жат, тұрма деген. Амал жоқ концертке шығып кетті. Талдықорғанға әрең барып келгенде 1 рет емдетті. Тағы да тұра алмай қалған. Концертке ауруды басатын дәрі егіп шықты. Белден төмен қарай істемей қалып жатыр аяғы. Тұра алмай жатыр. Алла шипасын берсін», – деді Мадияр Серікбаев.
Театр өкілі көпшіліктен актердің тезірек сауығып кетуіне тілектес болуды сұрады. Желі қолданушылары актердің жағдайының жақсарыт кетуін тілеуде.