Наташа Қалымбетова 30 жыл бұрын болған зорлық оқиғасы туралы толығырақ айтты
Наташа Қалымбетова жақында өзінің бастан өткерген оқиғасы туралы бөлісіп, болған жайттың мән-жайын кеңірек баяндады, деп хабарлайды Ait Media.
Ол 17 жасында ауылындағы төрт жігіт тарапынан зорлық көргенін айтқан еді. Бұл оқиғаны ол биыл TikTok-та жариялап, видео қоғамда үлкен резонанс тудырған. Қазіргі таңда роликтің қаралымы 2 миллионнан асқан. Осыдан кейін Батыс Қазақстан облысы полициясы 30 жыл бұрынғы іс бойынша қылмыстық іс қозғады. Наталья бұл оқиғамен байланысты қосымша мәліметтермен «Қасқа жол» каналына берген сұхбатында бөлісті.
Наташа жақында Тайландтан Орал қаласына келіп, полициямен бірге оқиға болған ауылға барып, түсініктеме берген. Ол тергеу жүріп жатқандықтан барлық деректерді толық аша алмайтынын айтты. Сондай-ақ өзін Жайық өзенінің жағасына апарып, қорқытып, ешкімге айтпауға мәжбүрлегенін жеткізді.
Сонымен қатар, ол сол оқиғадан кейін жүкті болып қалғанын, алайда қысым салдарынан перзентханада баласынан бас тартуға мәжбүр болғанын жеткізді.