AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 6.69
473.13
EUR 5.82
554.08
RUB 0.02
6.13
CNY 0.86
69.29

Мұстафа Өзтүріктің қызы әкесінің атындағы көшеге барып, әсерлі видео жариялады

мустафа озтурук
Фото: https://www.instagram.com/neslihan_ozturk_mustafakyzy/

Неслихан Өзтүрік Мұстафақызы әлеуметтік желіде әкесі — Мұстафа Өзтүрік есімі берілген көшеге барып, әсерлі видео жариялады, деп хабарлайды Ait Media.

Бейнежазбада батырдың қызы сөзін «Құрметті отандастар» деп бастай отырып, Алматы қаласындағы Мұстафа Өзтүрік көшесіне келгенін айтады. Оның айтуынша, бұл жерге соңғы рет он жыл бұрын барған.

Неслихан Өзтүрік Мұстафақызы көшені аралап жүріп, күтпеген жерден ойын алаңындағы әкесінің үлкен суретін көргенін жеткізді. Сол сәттегі әсерімен бөліскен ол:

— Бүгін мен Алматыдағы Мұстафа Өзтүрік көшесіне бардым… әкемнің аты берілген көше. Соңғы рет мен мұнда он жыл бұрын болғанмын. Мен көшені ары-бері жүріп шықтым… сосын кенеттен бір ойын алаңында оның үлкен суретін көрдім. Мен сөзсіз қалдым… Қалай десем екен… ол маған өте жақын тұрғандай сезілді, — деген жазба қалдырған.

Желі қолданушылары да видеоға бейжай қарамады. Пікірлерде олар жылы лебіздерін білдіріп, қолдау көрсетті. Ұлы тұлғаға құрмет танытутышылық пікірлермен қоса, көрермендердің сезімге ерік беріп, жылап алғандарын мойындаған пікірлері де кедеседі:

 «Көшелердің атын осындай қазаққа еңбегі сіңген азаматтардың атына өзгерту керек. Халықтың баласының аты мәңгі өшпейді!»

 «Неслихан қызым, мен сіздің қандай сезімде тұрғаныңызды жақсы түсінем, себебі мен жылап алдым»

 «Әкеңізді сағынып тұрсыз ғой, жылап алыңыз! Жеңілдеп қаласыз »

 «Осындай батыр ұлын қазақ халқы ешқашан ұмытпайды »

 «Мен де жылап алдым»

Жазба желіде кеңінен тарап, көпшіліктің жүрегін елжіретті.

Аз ғана ғұмырында ұлтқа, елге қызмет етудің ерен үлгісін көрсетіп кеткен Мұстафа Өзтүрікті қазақ халқы жадынан шығарған жоқ. 2000 жылы Алматы қаласында спортшының атына көше беріліп, ескерткіш белгі қойылды. 2004 жылы таэквондо шеберінің 50 жасқа толған мерейтойы қарсаңында Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында ескерткіші ашылды. 2014 жылы болса Қазақстанның елордасы Астана және мәдени астанасы Алматы қаласында Мұстафа Өзтүріктің 60 жылдығы және Қазақстан-Түркия достығы бірге тойланды.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.