AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 3.84
489.31
EUR 5.84
568.33
RUB 0.14
6.63
CNY 0.65
72.28

Мұхтар Жәкішевтің қызы Алтынай Жәкішева Лондонда шетелдік азаматқа тұрмысқа шықты

Screenshot 2026-06-04 134356
Фото: instagram.com/altjj_

«Қазатомөнеркәсіп» компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің қызы Алтынай Жәкішева Лондонда шетелдік азаматқа тұрмысқа шықты, деп хабарлайды Ait Media.

Белгілі болғандай, оның таңдауы — Карл Оби есімді инвестициялық менеджер. Ол Манчестер университетін тәмамдап, қазіргі уақытта Лондонда инвестициялық салада жұмыс істейді.

Алтынай Жәкішева әлеуметтік желідегі парақшасында отбасылық форматта өткен неке қию рәсімінен суреттермен бөліскен. Жазбаларға қарағанда, салтанат шағын әрі жақын туыстардың қатысуымен өткен. Қалыңдық қарапайым үлгідегі ақ көйлек таңдап, қанық түсті калла гүлдерінен жасалған ерекше букет ұстаған.

Ол өз жазбасында Лондонда өткен ресми тіркеу күні туралы айтып, сол сәттің жылы естеліктермен өткенін атап өткен. Оның айтуынша, жоспарланған жаңбырға қарамастан, бұл күні қалада күн ашық болып, мерекелік көңіл-күй сыйлаған.

Жазба астындағы пікірлерде қолданушылар жас жұпқа жылы лебіздерін білдіріп, құттықтаулар қалдырған.

Мұхтар Жәкішев — Қазақстандағы атом саласының белгілі басқарушыларының бірі, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы. Ол елдің уран өнеркәсібін дамытуға үлес қосқан тұлға ретінде танылған. Кейінгі жылдары оның аты қоғамдық және құқықтық процестер аясында жиі аталды.

Алтынай Жәкішева шамамен 27 жаста. Ол модель ретінде жұмыс істеп, Лондонда тұрады. Айта кетейік, Мұхтар Жәкішевтің отбасында бірнеше бала бар, олардың есімдері «А» әрпінен басталатынымен ерекшеленеді.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.