AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 0.00
473.13
EUR 0.00
554.08
RUB 0.00
6.13
CNY 0.00
69.29

Мектеп бітіру кештерін білім беру ұйымдарынан тыс жерлерде өткізуге жол берілмейді

_gluster_2026_4_13_b1f6b3cb4bed7e34453318dfc74a7498_1280x720
Фото: gov.kz

Білім беру ұйымдарында бітіру іс-шараларын өткізуге қойылатын талаптар нақтыланды, деп хабарлайды Ait Media. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді.

Жаңа тәртіпке сәйкес, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтарын қорғау және құқықбұзушылықтардың алдын алу басты мақсат ретінде айқындалған.

Аттестат тапсыру рәсімі тек білім беру ұйымдарының ғимараттарында ғана өткізіледі. Сонымен қатар, оқушылардан, ата-аналардан немесе заңды өкілдерден ақша және өзге де материалдық қаражат жинауға қатаң тыйым салынады.

Сондай-ақ мектеп бітіру кештерін білім беру ұйымдарынан тыс жерлерде өткізуге жол берілмейді.

Жергілікті атқарушы органдарға қаржылық шығындарды талап етпейтін тәрбиелік және мәдени-ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру және түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

Ішкі істер органдары тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар тапсырылды.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.