AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 6.69
473.13
EUR 5.82
554.08
RUB 0.02
6.13
CNY 0.86
69.29

Мақпал Жүнісоваға сезімін білдірген ер адам көрермендерді күлкіге қарық қылды

мммм
Фото: qazaqconcert.kz

Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісованың Маңғыстауда өткен жеке концертінде қызықты әрі күлкілі жағдай орын алды, деп хабарлайды Ait Media. Концертке келген бір ер адам сахна төріне шығып, сезімін жасырмай жеткізді.

«Бір көру арман болып жүр еді. Ғашық болып қалдым», – деген ол көпшілікті күлкіге қарық қылды.

@kushanovagulnur #актау #макпалжунусова #макпалжүнісова #хлочуврекомендации #концерт ♬ оригинальный звук - гулнур кушанова

Өз кезегінде Мақпал Жүнісова да әзілмен жауап қайтарып, жиналғандарды одан әрі көтеріңкі көңіл-күйге бөледі.

«Мен қартайып қалдым ғой, құрсын енді. Бүгін келіншегіңіздің жанына барып жатуыңыз керек қой. Үндемей барыңыз енді. Мына Мақпал келіп байымды бұзып кетті деген атақ жақсы емес. Тыныш кетейік, құрсын», – деп күліп жауап берді әнші.

Сонымен қатар ол өзін әзілмен мақтап та өтті:

«Мені кім қаламайды. Мен біреумін, олар көп. Қызымның алдында абыройым кетіп қалмасын деп. Әйтпесе аяқ-қолым балғадай ғой», – деп қосты "халықтың ерке қызы" атанған Мақпал Жүнісова.

Желі қолданушылары бұл сәтті жылы қабылдап, әншінің қарапайымдылығы мен әзілқойлығына тәнті болғандарын жазуда.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.