USD 0.00
450.91
EUR 0.00
522.69
RUB 0.00
5.33
CNY 0.00
67.22
Жаңалықтар

Қыркүйек» пен «қыргүйек»: жаңа орфографиялық сөздік әзірленеді

photo_2026-09-11 09.38.14
Фото: Ait Media

Вице-президент Ерлан Қарин жаңа Орфографиялық сөздікті ұлттық жоба ретінде қарауды ұсынды, деп хабарлайды Ait Media.

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"«Қыркүйек» пен «қыргүйекке» қатысты пікірталас бізге де жетті. Шын мәнінде, бұл — тіл мамандары мен әдеби ортаның ғана мәселесі емес. Қазақ тілі — мемлекеттік тіл болғандықтан, әрбір сөздің айтылуы мен жазылуы мемлекеттік аппараттың күнделікті жұмысына да тікелей қатысты. Өйткені, қазір қазақ тілі кеңсе тіліне айналды. Сондықтан мұндай мәселенің бір ұшы бізге де тиетіні рас", — деп жазды Вице-президент.

Поделиться