AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 6.69
473.13
EUR 5.82
554.08
RUB 0.02
6.13
CNY 0.86
69.29

Құтқарушылар мұзды суға түсіп кеткен итті құтқарып қалды

соабкаа
Фото: Pexels

Астанада құтқарушылар мұзды суға түсіп кеткен итті құтқарып қалды, деп хабарлайды Ait Media.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми мәліметіне сәйкес, 5 сәуір күні таңертең Сарайшық көшесі маңында, Арқар көпіріне жақын жерде Есіл өзенінде ит мұз ойығына түсіп, мұзды суда қалып қойған.

Оқиға орнына ТЖМ жедел-құтқару жасағының мамандары аэрoқайықпен жедел жетті. Бұл техника мұз бен су жағдайында тиімді жұмыс істеуге арналған. Жоғары өтімділігі мен маневрлігінің арқасында құтқарушылар қысқа уақытта жетіп, құтқару жұмыстарына кіріскен.

Арнайы құрал-жабдықтар мен сақтандыру арқанының көмегімен мамандар итті мұзды судан шығарып, жағаға жеткізді.

Желі қолданушылары құтқарушылардың әрекетіне жоғары баға беріп, алғыстарын білдіруде. Пікірлер арасында: «ТЖМ қызметкерлері – нағыз батырлар!», «Адам өмірін ғана емес, жануарларды да құтқару – үлкен жүректің белгісі», «Рақмет құтқарушыларға!», «Жарайсыңдар, нағыз кәсіби мамандар!» деген жылы лебіздер көп. Кейбір қолданушылар құтқару сәтіндегі шеберлікті ерекше атап өтіп, оны «лассо тастаған ковбойдай» деп сипаттаған.

Құтқару операциясы сәтті аяқталды.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.