«Құс мені мазақ қылып жүр»: желіде көңілді видео тарады
Фото: Pexels
Әлеуметтік желіде Әділжан Дәулетов есімді арбадағы жігіттің түсірген видеосы желі қолданушыларының көңілін көтерді, деп хабарлайды Ait Media.
Кадрда жігіттің көгершінді қумақ болған сәті түсірілген. Алайда құс ұшып кетудің орнына, одан жай ғана қадамдар жасап қаша жөнеледі. Құстың былай әдейі істегенін жеткізген автор бұл жағдайды әзілге айналдырды.
Видеода ол:
«Мына құс маған әзіл ұстап жүр, ұшпайды, қуып жете алмадым сонда да», — деп қалжыңдайды.
View on Threads
Желі қолданушылары жігіттің позитивтілігі мен өзін-өзі келемеждей білетін қасиетіне тәнті болды. Көпшілік мұндай жеңіл әзіл мен өмірге деген жарқын көзқарас әр адамға үлгі екенін айтуда.