Құрбылардың ерекше қолдауы жұртты жылатты
Әлеуметтік желіде ұзату тойында түсірілген жүрек тебірентерлік видео кеңінен таралып, жұрттың ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды Ait Media. Бейнежазбада ерекше бір сәт бейнеленген: қалыңдықтың жан құрбылары оған арнап айтылған әннің сөздерін тек аударып қана қоймай, оны қимыл-қозғалыс пен ишара тілі арқылы жеткізеді.
View on Threads
Кадрлардан құрбылардың бір-біріне деген қолдауы, шынайы достық сезімі және қалыңдыққа деген құрметі анық көрінеді. Эмоцияға толы сәтті көрген желі қолданушылары бей-жай қала алмай, жылы пікірлерін жаудырып жатыр.
Көпшілік бұл көріністі «шынайы достықтың үлгісі», «көзге жас келтіретін ерекше сәт» деп бағалап, қалыңдық пен оның құрбыларына бақыт тілеп жазды. Сондай-ақ кейбір қолданушылар мұндай қолдаудың адам өміріндегі ең үлкен құндылықтардың бірі екенін атап өткен.
Видео әлеуметтік желіде тез тарап, мыңдаған қаралым мен пікір жинап үлгерді. Желі қолданушыларының айтуынша, бұл сәт тек ұзату тойының емес, нағыз достық пен адамгершіліктің символына айналған.