AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 2.07
476.97
EUR 7.29
562.59
RUB 0.03
6.27
CNY 0.47
69.98

"Күлсең, кәріге күл": баталарын дәптерге жазып жаттайтын ата

Дизайн без названия (23)
Фото: Видеодан кадр

Желіде дастархан басында бата жазып отырған 67 жастағы атаның видеосы кең таралып, көпшіліктің көңілін көтерді, деп хабарлайды Ait Media.

Бейнежазбада ата қолына дәптер мен қалам алып, баталарды жазып отырған сәті көрінеді. Осы кезде қызы жақындап: «Көрсетші дәптеріңді, баталар жазып жаттайды», – деп күледі. Ал атасы бұған жауап ретінде: «Кімге айтып жатырсың, айтпа», – деп бұртияды.

Қолданушылар түрлі пікірлер қалдырып, әзіл мен жылы лебіздерін білдірген. Атап айтқанда, пікірлерде:

«Айтқан жоқ қызыңыз, өзіміз көріп алдық соткіден әшин»,
«Ата ешкімге айтпаймыз, уайымдамаңыз»,
«Айтпа десе жарияға жар салғандай»,
«Дұрыс, бата жаттау керек»,
«Жазған баталарынан бізбен бөліссін, біз де жаттайық», – деген жазбалар бар.

Сонымен қатар, кейбір қолданушылар атаға жылы тілектерін айтып, «Алла ұзақ ғұмыр берсін», «Өте қарапайым кісі екен, өмірі ұзақ болсын», «Батагөй аталарымыз аман болсын» деп жазған.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.