AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 6.69
473.13
EUR 5.82
554.08
RUB 0.02
6.13
CNY 0.86
69.29

Құдағидың тойына барамын деп ойлаған әке өз мерейтойына келді

той сбрприз
Фото: Видеодан кадр

Құдағидың 80 жылдық мерейтойына шақырту алдым деп ойлаған әке тойханаға келгенде, өзін күтіп тұрған тосынсыйды көріп, өзіне арналған тойға тап болғанын бір-ақ түсінді. Бұл әсерлі сәт Threads желісінде жарияланып, көпшіліктің жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Ait Media.

Бейнежазбада ер адамның тойханаға кіріп келген сәті көрсетіледі. Ол құдағидың мерейтойына келдім деп ойлағанымен, өзін салтанатты түрде қыздары қарсы алып жатқанын байқайды. Видеоға «Құдағиының 80 жас мерейтойына келдім деп ойлап, өз тойына келді» деген жазу қабаттастырылып жазылған.

Ер адамды қыздарының ұлттық нақыштағы көйлек киіп, әкеге деген махаббат туралы әнмен қарсы алуы көпшілікті ерекше әсерге бөледі. Бейненің басында оның таңданысы анық байқалса, соңында эмоцияға беріліп, толқып кеткені көрінеді.

Жазба сипаттамасында автор: «Еш монтажсыз, шынайы эмоцияны да бір салып қояйыншы» деп жазған. Пікірлерде белгілі болғандай, бұл тосынсый әкенің 60 жас мерейтойына арналған.

Сондай-ақ, Айдана Айтжанова есімді автордың пікірлер бөліміндегі жауаптарынан қыздардың аналары өмірден өткенін аңғаруға болады. Желі қолданушылары бұл жайтты да атап өтіп, әкелеріне ұзақ ғұмыр тіледі.

View on Threads

Пікірлерде жылы лебіздер өте көп. Қолданушылардың бірі: «Күшті! Қонақтар да жақсы екен, адамға жабыса кетпей, қыздарының ән айтуына кедергі келтірмеген» деп жазса, тағы бірі: «Түф, бір жылап алдым! Қыздары бірінен бірі өткен сұлу. Әкелерің 100 жасасын» деп әсерімен бөліскен. Тағы бір пікірде: «Керемет, көріп отырып эмоциядан жылап алдым» делінсе, «Тамаша, құтты болсын, әкелеріңіз аман болсын» деген тілектер жиі кездеседі.

Сонымен қатар, «Сендер бақытты қыздарсыңдар, жандарыңда әкелерің бар! Оны қадірлеңдер!», «Орындалмайтын арманым» деген сияқты әсерлі пікірлер де жазылған.

Дегенмен, қарсы пікір білдіргендер де табылды. Мәселен, «Сюрприз қылып, той жасағанша, жасамай-ақ қойыңдаршы. Ұнамайды осындай» деген пікірге видео авторы әзілмен жауап қайтарып, «Ойбу жасап қойдық қой, ертерек айтпадыңыз ба» деп жазған.

Жалпы, бұл видео желі қолданушыларына ерекше эмоция сыйлап, әке мен бала арасындағы жылы қарым-қатынасты, отағасының отбасындағы маңызды рөліне деген құрметті тағы бір мәрте көрсетті.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.