USD 2.86
448.45
EUR 2.97
501.59
RUB 0.00
5.36
CNY 0.44
67.00

Қорғаныс министрлігін 61 аудитор тексеріп жатыр

photo_2026-10-14 16.38.05
Фото: @modgovkz

Қазақстанның Қорғаныс министрлігінде қазіргі уақытта аудит жүргізіліп жатыр. Тексеруге 61 аудитор тартылған. Оның қорытындысы қорғаныс саласына бөлінетін бюджет көлемін нақтылауға әсер етуі мүмкін. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Тәкиев мәлімдеді, деп хабарлайды AIT Media.

Брифинг барысында журналистер күштік блокқа 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджетте қарастырылған 3,3 трлн теңгенің қаншасы қорғаныс саласына бағытталатынын сұрады. Алайда министр бұл ақпараттың жабық екенін атап өтті.

Мәди Тәкиевтің айтуынша, Аудит комитетінің мамандары қазір өңірлерде тексеру жүргізіп жатыр. Аудит аяқталғаннан кейін қорғаныс саласының бюджет шығыстарын қысқарту немесе қосымша қаржы бөлу қажеттілігіне қатысты нақты шешім қабылдауға мүмкіндік туады.

«Нәтижесін көре жатармыз. Бюджеттің екінші және үшінші оқылымдары бар. Сол уақытқа дейін тексеруді аяқтасақ, белгілі болады», - деді министр.

Поделиться