Көлік министрі ұшақ билеттері бағасының айырмашылығына қатысты түсініктеме берді
Қазақстан Республикасы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев әуе билеттерінің бағасына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ait Media.
Журналистер Air Astana мен Fly Arystan рейстерінде бір датаға қарамастан баға айырмашылығы болуының себебін сұраған.
Министрдің жауабы:
«Сіздің комментарияңызды қай жерге қатысты екенін білмеймін ғой. Негізгі моделі динамическая модель дейді ғой. Соған байланысты. Ерте алсаңыз баға төмен, кеш алсаңыз бағасы қымбат. Сол модельмен әр әуе компания істейді. Ал қалай қазіргі сол модель екі апта бұрынғыға қарағанда қалай болғанын қиын айтуға. Сіз екер оны маған былай кейс ретінде көрсетіп, содан кейін қарасам, мен сізге нақты жауап беер аламын.»
Билетті қанша уақыт бұрын алу керектігі туралы сұраққа ол былай деді:
«Ол жағын енді өзіңіз қарарсыз. Егер сіз осылай пландарыңызды алты айға бұрын қойып отырсаңыз, әр компанияның политикасы бөлек қой, соған байланысты қарайсыз.»
Министрдің айтуынша, әуе билеттерінің бағасы динамикалық модельге негізделіп қалыптасады және ол сұраныс пен уақытқа байланысты өзгеріп отырады.