AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 6.69
473.13
EUR 5.82
554.08
RUB 0.02
6.13
CNY 0.86
69.29

Қоғамды дүрліктірген діни дауға ҚМДБ пікір білдірді

муфф
Фото: Видеодан кадр

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы (ҚМДБ) соңғы күндері елімізде болып жатқан кейбір іс-әрекеттерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ait Media.

Бас мүфти кеңесшісі, ұстаз Смайыл Сүйерқұлұлының мәлімдемесінде:

«Ислам діні кәміл дін. Ислам дінінде кемшілік жоқ. Кемшілік – пендеде, адамда. Сондықтан да мұсылман адамның жасаған өрескел ісі, болмаса бір қателігі үшін дінді, исламды айыптаудың, қаралаудың қажеті жоқ. Өйткені исламда кемшілік жоқ, кемшілік – адамда. Қажылыққа барсын, ораза ұстасын, намаз оқысын, оның өрескел іс жасап қоюы оның пенделігінен. Сол пенделігі үшін дінді қаралаудың қажеті жоқ», – деді.

Ол мұсылман адамдардың жасаған кейбір қателіктері «діннің себебінен немесе ҚМДБ атынан жасалғандығы» туралы күмәнді көзқарастарға қатысты ойын да жеткізді:

«ҚМДБ соңғы күндері елімізде болып жатқан кейбір іс-әрекеттерге алаңдаушылық білдіреді. Мәселен, мұсылман адам жасаған кейбір қателіктері бұл діннің атынан немесе ҚМДБ атынан жасалмағандығын жеткізгіміз келеді».

Мүфтият сондай-ақ жақында орын алған Құрбанәлі Ахмет есімді азаматтың сұхбатында айтқан сөздеріне қатысты шу туралы да атап өтті:

«Ислам дінінде ажырасу – бұл Алланың құзырында сүйкімсіз әрекет. Дегенмен, ерлі-зайыптылар түсінісе алмайтын болса, ажырасуларына рұқсат беріледі. Ал ажырасқан ерлі-зайыптылар алдағы өмірде отау құра ма, құрмай ма – ол өздерінің ықтиярында. Ал шариғатта өзінің жұбайын әдейі ажырасуға мәжбүрлеп, «пәленшеге тұрмысқа шық» деп айту – құпталмайтын нәрсе».

Қоғамда талқыға түсіп жатқан Құрбанәлі Ахмет есімді азаматтың ҚМДБ-да қызмет жасамайтыны, ұстаздықпен айналыспайтыны және қандай да бір байланысы жоқ екенін де атап өтті:

«Қоғамда талқыға түсіп жатқан Құрбанәлі Ахмет есімді азаматтың ҚМДБ-да қызмет жасамайды, немесе ұстаздық жасамайды және қандай да бір қарым-қатынас байланысы жоқ екенін ескертеміз».

Сонымен қатар, діннің ұлттық дәстүрлерге қайшы келмейтінін, керісінше, басқарма екеуін бірге ұштастыруды мақсат ететіндігі айтылды:

«ҚМДБ діні мен дәстүрін сабақтастырып насихаттап келе жатқан мүфтият, діни басқарма. Біздің бабаларымыз ислам дінін қабылдағаннан кейін дін мен дәстүрді сабақтастырып, өзінің ұрпағын солай тәрбиелеп келген. Біздің де негізгі мақсатымыздың бірі – осы дін мен дәстүрді ұштастыру».

Наурыз мерекесіне қатысты:

«ҚМДБ Наурыз мерекесін тойлауға рұқсат берді, өйткені бұл жерде дінге қайшы келетін элементтердің ешқайсысы жоқ. Ал енді бұны теріске шығаратын кейбір азаматтардың іс-әрекеті, айтқан сөздері – біздің пікірімізді білдірмейді. Біз оларды әрине құптамаймыз».

ҚМДБ сонымен қатар, басқа ағым өкілдерінің теріс насихаттарына қарсы жұмыс жасап, олардың алдын алу және сондай ағымдардың жетегіне кеткендерді оңалту жұмыстарын жүргізетінін жеткізді:

«Басқа ағым өкілдері өздерінің біржақты насихаттарын айту барысында діннің атынан сөйлегендей іс-әрекет қалдырып жатады. Бұл теріс насихаттарға қарсы ҚМДБ ұдайы оларға қарсы жұмыс жасап, олардың алдын алу және сондай ағымдардың жетегіне кеткендерді оңалту жұмысымен айналысып келеді».

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.