AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 0.00
473.13
EUR 0.00
554.08
RUB 0.00
6.13
CNY 0.00
69.29

«Кетші-ей, бергенде ала бер»: 30 жасар немересіне ақша ұстатқан ата желіні тәнті етті

Screenshot 2026-04-13 154147
Фото: instagram.com/janelle_nazymbek

Желіде атасы мен немересінің арасындағы әсерлі сәт көпшіліктің жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Ait Media.

Бейнежазбада ата немересіне ақша ұсынып, ол алудан бас тартқан сәтте: «Кетші-ей, бергенде ала бер, бітті», – деп қамқорлықпен ұрысқанын байқауға болады. Немересінің «Өзіңізге керек болады ғой», – деп алаңдағанына қарамастан, ата өз дегенінен қайтпай, мейірімін білдіреді.

Видео авторының айтуынша, жасы 30-ға келіп қалса да, атасы үшін әлі күнге дейін 10 жастағы немередей болып қала береді.

Қарапайым ғана көрініс әлеуметтік желі қолданушыларын бейжай қалдырмады. Пікірлерде көпшілік атаның кең пейіліне тәнті болып, ақ тілектерін жаудырып: «Атаң жақсы адам, аман болсын!», «Ұрысқан түрінің өзі махаббат болып тұр», «Аталарымды сағынып кеттім…», «Қандай бақытты, атасы бар», «Әжем осылай ақша тығып беретін», – деп жазған.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.