AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 6.69
473.13
EUR 5.82
554.08
RUB 0.02
6.13
CNY 0.86
69.29

Қазығұртта Қызыл кітапқа енген сирек Грейг тюльпандары гүлдеді

tulip
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Түркістан облысының Қазығұрт ауданында Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін Грейг тюльпандары гүлдеді, деп хабарлайды Ait Media. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.

Шанақ ауылдық округінде биіктігі 10–15 сантиметр болатын тюльпандар топтасып өсіп, кең далаға ашық қызыл түсті кілемдей көрініс береді. Гүлдер өздерінің ерекше жапырақ өрнегі мен нәзік иісі арқылы табиғат көркін арттырады.

Грейг тюльпаны – Орталық Азияға тән эндемикалық өсімдік. Көбінесе тау етектері мен шөлді аймақтарда кездеседі. XIX ғасырда зерттеліп, әйгілі ботаник Самуэль Грейгтің атымен аталған. Бұл түр Қызыл кітапқа енгізілгендіктен, оны жұлып алу, таптау немесе заңсыз жинау қатаң тыйым салынған.

Әкімдік тұрғындарды табиғатты қорғауға, сирек кездесетін өсімдіктерді сақтауға шақырады.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы Түркістан облысында Шымкент қаласының тұрғыны Қызыл кітапқа енген Грейг тюльпандарын заңсыз жұлып алғаны үшін жауапкершілікке тартылған.

Қылмыстық кодекстің 339-бабына сәйкес, мұндай сирек өсімдіктерді жұлған азаматтарға ірі айыппұл қарастырылған. Оның мөлшері 3 мың АЕК-ке дейін (шамамен 11,7 млн теңге) жетуі мүмкін. Сондай-ақ құқық бұзушыға сол мөлшерде түзеу жұмыстары тағайындалуы, 800 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, үш жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар мүлкісі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейін айырылуы ықтимал.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.