AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 3.97
485.34
EUR 3.88
564.45
RUB 0.10
6.53
CNY 0.63
71.65

Қазақстандық блогер Гаухар Әмірқұловаға алып ақша гүлшоғы табысталды

Дизайн без названия (16)
Фото: instagram.com/amirkulova_gaukhar

Қазақстандық танымал блогер әрі Queen Bee сұлулық салондары желісінің негізін қалаушы Гаухар Әмірқұлова Instagram парақшасында ерекше сыйлыққа деген қуанышымен бөлісті, деп хабарлайды Ait Media. Кәсіпкерге мейрамханадағы кешкі ас кезінде ақша купюраларынан жасалған алып гүлшоғы тарту етілген.

Желіде тараған кадрларда блогердің көлемді әрі ауыр гүлшоқты әрең ұстап тұрғанын байқауға болады. Ерекше сыйлық көпшіліктің назарын аударып, әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті.

«Мені енді ештеңемен таңғалдыру қиын шығар деп ойлайтынмын. Бірақ қателесіппін», – деп жазды Әмірқұлова.

Желі қолданушыларының пікірінше, сән-салтанаты келіскен сыйлықты блогердің жолдасы Асылбек тарту еткен. Ерлі-зайыптылардың бірге өмір сүріп келе жатқанына 14 жыл болған.

«Махаббаттың шынайы көрінісі осы шығар. Жанында жай жігіт емес, нағыз ер азамат болғанда осылай болады. 14 жыл өтсе де, әлі күнге дейін таңғалдырасың», – деп жазды блогер.

Пікірлер бөлімінде қазақстандық жұлдыздар мен оқырмандар жұпқа ақ тілектерін жаудырды. Кейбір желі қолданушылары гүлшоқтағы ақшаның шынайылығына күмән келтірсе, енді бірі мұндай сыйлықтың «ең тиімді гүл» екенін әзілмен атап өтті. «Мынау енді керемет!», «Гаухар, мұндай сыйлыққа лайықсың», «Асылбек аға — үздік күйеу» деген пікірлер де жазылған.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.