AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 4.19
493.15
EUR 4.68
574.17
RUB 0.04
6.77
CNY 0.65
72.93

Қазақстанда салық жүйесін оңайлату мәселесі қарастырылуда

_gluster_2024_5_22_b3f490266bea1d260618651f0f9805e3_original.70733
Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов орталықтандырылған салық жүйесімен жұмыс істейтін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (ЖШС) тоқсан сайынғы салық төлемдеріне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ait Media.

Журналистің «Бұл салықты азайту жоспарда бар ма?» деген сұрағына вице-министр салық жүйесін жетілдіру бағытында жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

Оның сөзінше, жаңа Салық кодексі аясында салық есептілігін қысқарту және жүйені оңтайландыру бойынша жұмыстар атқарылған. Қазіргі уақытта бизнес өкілдерінен, әсіресе жалақыға қатысты салық жүктемесін қайта қарау жөнінде көптеген ұсыныстар түсіп жатыр.

«Біз бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Негізгі мақсатымыз — бизнес бір ғана төлем жасайтындай жүйе қалыптастыру, ал кейін ол қаражат әлеуметтік қорларға бөлінетін болады. Яғни төлемдерді цифрлық форматқа көшіру арқылы бір реттік төлем жасау жүйесін енгізу көзделіп отыр», — деді Ержан Біржанов.

Сонымен қатар ол алдағы уақытта барлық салық түрлерін бір салық кодексі шеңберінде біріктіру мәселесі қарастырылып жатқанын атап өтті.

«Егер бір ғана салық енгізілетін болса, оның республикалық немесе жергілікті бюджетке бөлінуі мемлекет тарапынан реттеледі. Қазіргі таңда осы бағытта жұмыс жүргізілуде», — деді вице-министр.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.