AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 6.69
473.13
EUR 5.82
554.08
RUB 0.02
6.13
CNY 0.86
69.29

Қазақстанда биыл 7 және 9 мамырда әскери шеру болмайды

photo_2026-04-09_16-35-20
Фото: t.me/aqorda_resmi

2026 жылы Қазақстанда Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай әскери шеру өткізілмейді, деп хабарлайды Ait Media Vlast.kz сілтеме жасап. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі жариялады.

«Биыл шеру өткізу жоспарланбаған. Оның орнына басқа да әскери-патриоттық іс-шаралар ұйымдастырылады», – деп жауап министрлік өкілі хабарлады.

Атап айтқанда, ерлік сабақтары, әскери қызметшілер мен ардагерлерді құрметтеу рәсімдері, экологиялық акциялар, әскери оркестрлер шеруі, шығармашылық ұжымдардың концерттері, әскери техника мен қару-жарақ көрмесі өтеді. Сонымен қатар «Сарбаз ботқасы» акциясы мен ашық есік күндері де жоспарланған.

Айта кетейік, Қазақстанда 7 мамырдағы әскери шеру 2019 жылдан бері өткізілмей келеді, ал 9 мамырдағы шеру 2020 жылдан бастап тоқтатылған. Алғашында бұл шешім карантиндік шектеулерге байланысты қабылданса, кейін бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында жалғасын тапқан.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.