Қазақстанда бір миллиондай адам кедейлік шегінде өмір сүреді
NUR.kz ақпаратына сәйкес, 2025 жылдың төртінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстандағы кедейлік деңгейі 4,8%-ды құрады — бұл шамамен бір миллион адам, деп хабарлайды Ait Media.
Кедейлер қатарына табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтін азаматтар жатады. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, бұл көрсеткіш бір адамға айына 58 872 теңгені құрайды. Елде жалпы саны 172 652 отбасыдан тұратын 988 169 кедей азамат тіркелген. Ең жоғары және төмен кедейлік деңгейлі аумақтар төмендегідей болып шықты.
ЕҢ ЖОҒАРЫ КЕДЕЙЛІК ДЕҢГЕЙІ:
Түркістан облысы — 8,4%
Маңғыстау облысы — 7,9%
Абай облысы — 7,4%
ЕҢ ТӨМЕН КЕДЕЙЛІК ДЕҢГЕЙІ:
Астана қаласы — 2,6%
Алматы қаласы — 3,5%
Шымкент қаласы — 5,1%
Сонымен қатар, кедей азаматтардың бір бөлігін табысы тіпті азық-түлікке де жетпейтін санатқа жатады.
Қазақстанда азық-түлік себетінің құны көрсеткіші де анықталған, ол ең төменгі күнкөріс деңгейінің 55%-ын құрайды, яғни бір адамға 32 379,6 теңге. 2025 жылдың төртінші тоқсанында мұндай азаматтардың үлесі 0,3%-ды немесе 9 081 үй шаруашылығынан тұратын 51 330 адамды құрады.