AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 0.16
471.77
EUR 1.18
547.25
RUB 0.01
6.60
CNY 0.00
69.35

Қазақстанда байқалған НЛО: Пентагон бұрын құпия сақталған материалдарды жариялады

DOW-UAP-PR43-Unresolved-UAP-Report-Africa-2025
Фото: war.gov

АҚШ Қорғаныс министрлігі соңғы 80 жылға жуық уақыттағы НЛО мен белгісіз аномалиялық құбылыстарға қатысты 160-тан астам құпиясыздандырылған материалдарды көпшілікке ұсынды, деп хабарлайды Ait Media. Бұрын НЛО деп аталып келген бұл құбылыстарға арналған архивте Қазақстан аумағында тіркелген ерекше оқиға туралы ақпарат бар.

Алғашқы жарияланымға 162 файл енгізілген. Олардың қатарында әскери камералар түсірген бейнежазбалар, фотосуреттер, Federal Bureau of Investigation құжаттары, АҚШ Мемлекеттік департаментінің дипломатиялық жеделхаттары және NASA миссияларының стенограммалары бар.

Жарияланған мұрағатта Қазақстанға қатысты өте қызықты дерек кездеседі. АҚШ Мемлекеттік департаментінің 1994 жылғы дипломатиялық жеделхатында республика аумағындағы жұмбақ жағдай сипатталған. Сол уақытта Boeing 747 ұшағының экипажы еліміздің аспанында белгісіз аномалиялық құбылысты байқапты.

АҚШ-тың Тәжікстандағы елшілігі жолдаған жеделхатқа сәйкес, тәжік ұшқышы мен үш америкалық жарқыраған белгісіз нысанды көрген.

Screenshot 2026-05-12 095750

Куәгерлердің айтуынша, нысан өте жоғары жылдамдықпен қозғалып, бағытын күрт өзгерткен, 90 градусқа бұрылған және спираль тәрізді айналған. Жеделхатта куәгерлердің нысанды суретке түсіріп үлгергені де көрсетілген.

Архивте бұдан бөлек Apollo program бағдарламасы аясындағы материалдар да жарияланды. Атап айтқанда, Айға жасалған миссиялар кезінде астронавтар байқаған түсініксіз жарық нүктелері мен нысандар туралы мәліметтер бар.

Бұрын AARO басқармасын басқарған Шон Киркпатрик архивтерде бөгде ғаламшарлықтардың бар екенін дәлелдейтін сенсациялық деректер жоқ екенін айтты. Оның сөзінше, “беймәлім нысандар” түсірілген көптеген видеолар инфрақызыл камералардың техникалық ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Көптеген материалдың табиғаты әлі күнге дейін толық түсіндірілмеген.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.