AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 6.69
473.13
EUR 5.82
554.08
RUB 0.02
6.13
CNY 0.86
69.29

Қазақстан қаңғыбас жануарлардан арылып, 15 млрд теңге үнемдей алады

pexels-gy1610-27396940
Фото: Pexels

Депутаттардың қабылдаған «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасына сәйкес, қаңғыбас иттер мен мысықтар ұсталуы керек, деп хабарлайды Ait Media. Алайда, оларды асырау республикалық бюджет үшін тиімсіз.

Еділ Жаңбыршин үйсіз жануарларды стерилизациялау мен эвтаназиялау оларды атудан гөрі жеті есе қымбатқа түсетінін айтты. Оның айтуынша, бір итке кететін асырау шығыны 5,5 мың теңге, алайда баға өңірге байланысты өзгереді.

«Егер біз ұстау және босату жұмыстарын жүргізсек, ұрғашы жануарды стерилизациядан кейін 10 күн стационарда ұстау қажет болады. Орташа есеппен бұл 74 мың теңге, ал мысық болса — 54 мың теңге», — деп нақтылады Еділ Жаңбыршин.

Депутат чиптеу минималды есеппен 1,5 мың теңге, ал эвтаназия — 11 мың теңге тұратынын айтты.

Журналистер парламентардан қаңғыбас жануарларды күтуге қанша қаражат қажет екенін сұрады. Жанбыршиннің мәліметінше, Қазақстанда шамамен 270 мың қаңғыбас ит пен мысық бар: ұрғашы жануарларға 10 млрд теңге, ал еркектері үшін 4 млрд теңге қажет.

«Жалпы шығын шамамен 14–15 млрд теңге болады. Ал ұстау мен эвтаназияны қолдансақ, шығындар жеті есе азаяды», — деп қорытындылады депутат.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.