USD 2.86
448.45
EUR 2.97
501.59
RUB 0.00
5.36
CNY 0.44
67.00

Қазақстан инфрақұрылымды жаңарту арқылы экономикалық өсімді қолдамақ

photo_2026-10-14 16.28.11
Фото: @quryltairesmi

Бүгін Құрылтай отырысында «2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралды. Отырыстан кейін өткен брифингте Премьер-министрдің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ЖІӨ өсімі мен инфрақұрылымды жаңарту мәселесіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды AIT Media.

Серік Жұманғариннің айтуынша, экономикалық өсім мен инфрақұрылымды жөндеу - екі бөлек мәселе. Дегенмен инфрақұрылымдық жобаларға жұмсалған қаражат экономиканың өсуіне де ықпал етеді.

Оның сөзінше, МЭКС ұлттық жобасы аясында биыл 500 млрд теңге, ал келесі жылы 1 трлн теңгеге дейін қаражат жұмсау жоспарланған.

«Инфрақұрылымға жұмсалған қаражат бір жағынан оның сапасын жақсартса, екінші жағынан ЖІӨ өсіміне де үлес қосады», - деді министр.

Смотреть в Threads

Поделиться