Қазақстан бойынша Айт намазының кестесі жарияланды
Фото: Сурет: Pexels
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 20 наурыз – Ораза айт мейрамына арналған Айт намазының кестесін мүфтияттың ресми сайтында жариялады, деп хабарлайды Ait Media.
Хабарламада былай айтылған:
Сағындырған Рамазан айы бітуге жақын. 20 наурыз – Ораза айт мейрамы. Осы күні оқылатын Айт намазының Қазақстан бойынша әзірленген кестесін назарларыңызға ұсынамыз.
Айт намазының әр қала бойынша уақыты төмендегі кестеде берілген.
Жыл сайынғы дәстүр бойынша, Айт намазы кезінде мешіттерде арнайы уағыздар мен қайырымдылық шаралары ұйымдастырылады.
Айта кетсек, биыл Рамазан айы 29 күнге созылды, ораза 19 ақпанда басталып, 19 наурызда аяқталады.