Қазақстан АИИБ-пен $6 млрд-қа дейінгі жобаларды қаржыландыруға жол ашты
Құрылтай «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» заңды қабылдады, деп хабарлайды AIT Media.
Келісім АИИБ арқылы Қазақстандағы инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландырудың бірыңғай құқықтық негізін қалыптастырады.
Құжатта қаржыны пайдалану, сатып алу рәсімдері, ақпараттың ашықтығы, экологиялық және әлеуметтік талаптар мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тәртібі қарастырылған.
Келісім 2025–2029 жылдарға арналған, құны $6 млрд-қа дейінгі жобалар портфелін толықтырады. Басым бағыттар қатарында көлік инфрақұрылымы, жасыл энергетика, денсаулық сақтау және климатқа төзімді инфрақұрылым бар.
Бұл ретте жаңа келісім әр жоба бойынша талаптарды қайта белгілемей, ортақ рәсімдермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.