“Қазақ болғым кеп тұр”: қазақша еркін сөйлейтін орыс жігіт көпшілікті сүйсіндірді
Бүгін әлеуметтік желілерде қазақ тілін еркін меңгерген орыс ұлты жігітінің видеосы көпшіліктің қызығушылығын тудырды, деп хабарлайды Ait Media.
Видео авторы жұмыс кезінде болған қызықты сәтпен бөлісіп, қазақша сөйлеген жігіттің жанында өзі ұялып қалғанын жеткізген:
«Бүгін жұмыста мына орыс жігітке орысша сөйлеп өзім ұялып қалдым. Қазақша сөйлегені өте керемет. Арасында өлә дейді ғой. Жаным осындай орыс көп болсын деймін.»
Видеодағы жігіт өзіне қазақ тілінде сөйлегенін ұнап, қазақ болғысы келетінін қосып айтқан:
«Әпкем ұрса береді, күнде: "Қазақша сөйлей бересің бе?" деп. Орысшадан акцент, орыс тілден үш, қазақ тілден бес. Бұл қалай? Орыссың ғой?! – деп. Осылай жүре береді ұрсып. Өзіме ұнайды қазақша. Қазақ болғым келіп тұр"»
Видео барысында жанындағы әйел адам жігіттің әнұран айтып беруін сұрап, өзі сөздерін еске алмақшы болып «Сөзі қалай еді?» деген сәтте:
«Өләәә, апай, білмейсіз бе не?» – дейді.
View on Threads
Ал желі қолданушылары видеоға жылы пікірлер қалдырды:
«Сұлу, сүйкімді жігіт екен, өзі керемет сөйлейді, қазақ тілді күшті, дауысы да анық»
«Жарайсың, қазақша сөйлемейтін қазақтарға үлгі болатын алтын бала»
«Жарайсың, азамат екенсің!»