AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 6.69
473.13
EUR 5.82
554.08
RUB 0.02
6.13
CNY 0.86
69.29

«Қайрат» жанкүйерінің әрекеті желіде қызу талқыға түст

мяч
Фото: Pexels

Threads желісінде футбол матчынан түсірілген видео қызу талқылануда. Кадрларда «Қайрат» клубының жанкүйерлерінің бірі мойнына клуб шарфын тағып, «Астана» командасының туын таптап жүргені байқалады.

Жазба авторы өзін «Қайраттың» жанкүйері екенін айтып, болған жағдайға наразылық білдірген. Оның пікірінше, кейбір фанаттардың сөздері мен әрекеттері олардың мәдени деңгейінің төмен екенін көрсетеді.

View on Threads

Аталған видеоға қатысты пікірлер екіге бөлінді.

Бірқатар қолданушылар мұндай әрекетті айыптап «Туды таптағаны болмады», «Жабайы қылық» десе, ал енді біреулері бұл жағдайды футболдағы ультрас мәдениетімен байланыстып, төмендегідей пікірлер қалдырды:

«Бұл – футболда қалыпты жағдай»
«Бүкіл әлемде ультрастар осындай, таңғалатын ештеңе жоқ»
«Еуропалық клубтардың фанаттары да осылай жасайды»
«Біздің ультрас Польша мен Сербия ультрастарының қасында періште ғой»

Кейбір пікірлерде қарсы тарап жанкүйерлері де осындай әрекеттерге баратыны айтылып, бұл құбылыс екі жаққа да тән екені атап өтілді.

Сондай-ақ, желі қолданушыларының бір бөлігі автордың футболдағы жанкүйерлік мәдениетпен толық таныс болмауы мүмкін екенін жеткізіп, «Егер түсінбесеңіз, ультрастар отырған жерге бармаған дұрыс», «Театрға барыңыз» деп жазды.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.