AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 6.69
473.13
EUR 5.82
554.08
RUB 0.02
6.13
CNY 0.86
69.29

Қарағандыда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 17 жылға бас бостандығынан айырылды

Снимок экрана 2026-03-30 в 09.42.32
Фото: Freepik

Қарағанды облысы соттарының ресми парақшасында жарияланған мәліметке сәйкес, 2026 жылғы 1 сәуірде Қарағанды облыстық соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы кәмелетке толмағанға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Ait Media.

Іс материалдарына сәйкес, 15 жастағы қызды анасы мен өгей әкесі оның келісімінсіз діни дәстүрмен тұрмысқа берген. Тергеу деректеріне сай, айыпталушы К. 2025 жылғы 11–13 наурыз аралығында жалдамалы пәтерде қыздың жасын біле тұра, оның еркінен тыс бірнеше рет зорлық әрекеттерін жасаған.

Бұған дейін, 2025 жылғы 16 қазанда Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты К.-ны ҚР ҚК-нің 120-бабы 3-1-бөлігі 1) тармағы бойынша кінәлі деп танып, 17 жылға бас бостандығынан айырған. Сондай-ақ оған өмір бойына педагогикалық қызметпен және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге тыйым салынған.

Сот алқасы апелляциялық шағымдарды қарап, бірінші сатыдағы сот үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Сонымен қатар, облыс прокурорының атына жеке қаулы шығарылды.

Кәмелетке толмаған жәбірленуші А.-ның заңды өкілінің моральдық залалды өтеу туралы азаматтық талабы ішінара қанағаттандырылып, 3 000 000 теңге мөлшерінде өтемақы өндірілді, қалған бөлігі бойынша талап қанағаттандырылған жоқ.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.