USD 2.40
439.37
EUR 3.78
498.60
RUB 0.01
5.22
CNY 0.28
65.55

ІІМ Қазақстанға жасалатын кибершабуылдардың қайдан келетінін айтты

pexels-tima-miroshnichenko-5380607
Фото: Pexels

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов шетелден жасалатын кибершабуылдар туралы айтты, деп хабарлайды AIT Media.

Оның сөзінше, қазіргі таңда киберқылмыс трансұлттық сипатқа ие. Сондықтан шабуылдардың нақты қай мемлекеттен жасалғанын біржақты айту қиын.

«Украина, басқа да көрші мемлекеттен көбінесе шабуылдар келеді. Бірақ бұл нақты бір аумаққа немесе мемлекетке байланысты емес, қылмыс жасаған тұлғаларға байланысты. Бүгін Украинада болуы мүмкін, екінші күні басқа мемлекетте болуы мүмкін. Көбінесе хакерлер бір орында тұрмайды», – деді Санжар Әділов.

Министр орынбасарының айтуынша, Қазақстан шетелдік әріптестермен жедел ақпарат алмасуға және цифрлық іздерді сақтап, процессуалдық тәртіппен алуға мүмкіндік беретін тетіктерді күшейтіп жатыр.

Сондай-ақ ол Украинадағы әріптестерімен бірлескен жұмыс барысында Қазақстан азаматтарына қарсы әрекет еткен 20-дан астам Call-орталық анықталғанын, қазіргі таңда 18 адамның қамауда отырғанын атап өтті.

Әділовтың мәліметінше, соңғы үш жылда интернет-алаяқтық саны 40%-ға азайған. Осы кезеңде азаматтарға 6 млрд теңгеден астам келтірілген залал қайтарылған, 170 млн-нан астам жалған қоңырау бұғатталған. Сонымен қатар шетелге 5,5 млрд теңгеден астам қаражат аударудың жолы кесілген.

Поделиться