AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 0.00
485.95
EUR 0.00
565.74
RUB 0.00
6.83
CNY 0.00
71.81

Қазақстандағы балалар саны 6,9 миллионға жетті

pexels-yankrukov-8613319
Фото: Pexels

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Қазақстандағы балалар санына қатысты жаңа статистика жарияланды, деп хабарлайды Ait Media. Бұл туралы ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

Ресми дерекке сәйкес, 2026 жылдың басында елімізде 0-17 жас аралығындағы 6,9 млн бала тұрады. Бұл Қазақстан халқының жалпы санының 33,6%-ын құрайды.

Статистикаға сүйенсек, балалардың басым бөлігі қалада өмір сүреді. Атап айтқанда, 62,3%-ы қалалық жерде, ал 37,7%-ы ауылдық аймақтарда тұрады. Сонымен қатар, ұл балалардың үлесі – 51,4%, қыз балалардың үлесі – 48,6%.

Өңірлер арасында ең көп бала Түркістан облысында тіркелген – 910,4 мың. Бұл республикадағы барлық балалардың 13,2%-ына тең. Екінші орында Алматы қаласы – 688,9 мың бала (10%), ал үшінші орында Алматы облысы – 572,3 мың бала (8,3%).

Сарапшылардың мәліметінше, соңғы бес жыл ішінде Қазақстандағы балалар саны 4,4%-ға өскен. Бұл елдегі демографиялық өсімнің оң динамикасын көрсетеді.

photo_2026-06-01_10-53-09

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.