AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 0.16
471.77
EUR 1.18
547.25
RUB 0.01
6.60
CNY 0.00
69.35

Эвтаназия дауы: Еділ Жаңбыршин жануарлар туралы заң жобасына қатысты ойын айтты

67ff9e691ec38431908578
Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Еділ Терекбайұлы Жаңбыршин эвтаназияға қатысты заң жобасына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ait Media.

Оның айтуынша, бұл мәселе төңірегінде әртүрлі мүдделі топтар болуы мүмкін.

«Егер біздің модель іске асатын болда, онда жануарлар көшеде болмайды, вакцинация, стерилизация дегендер болмайды. Яғни, өздерінің тауып отқан пайдасынан айрылады. Сондықтан, екінші жағынан жаңағы жануарларды қорғаймыз деп жүрген гумандық принциптегі адамдар да бар, оларды жоққа шығаруға болмайды. Енді олардың бәрі біріккен ғой. Сондықтан бұл жерде өзінің мәселесін шешкісі келіп жүрген топтар да болуы мүмкін, жануарларды аяп жүргендер де болуы мүмкін», — деді Жаңбыршин.

Сонымен қатар, ол жануарларға қатысты заңнамаға енгізілетін өзгерістерге тоқталды.

«Жалпы, бір-екі норманы айтқан уақытта жануарларға қатысты өзгерістер бар. Ол жергілікті биліктерге беру - жансыздандырудың мерзімін тәртібін. Екінші - иесін анықтауға қатысты. Чип мәселесін бекіткенбіз. Иттен сұрай алмаймыз ғой, “үйің бар ма” деп. Сондықтан, оны басқа заңның аясында қарайтын боламыз. Президенттің тапсырмасы бар, иелерінің жауапкершілікті күшейту. Соның әкімшілік және қылмыстық кодекске өзгерістер жасап жатырмыз. Аңшылыққа қатысты заң бар. Соның аясында бірлестіріп, иесі барын да, сенат айтқандай, бір норма жасап іске асырамыз», — деп атап өтті ол.

Айта кетейік, бұған дейін Сенат аталған заң жобасын мақұлдамай, оны Мәжіліске қайта қарауға қайтарған болатын.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.