AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 4.76
464.73
EUR 6.02
546.57
RUB 0.05
6.19
CNY 0.69
68.18

Екі Дима Билан: бірі Ресейде, бірі Өскеменде

Дизайн без названия (7)
Фото: Instagram: BilanOfficial, asem_krb

Шығыс Қазақстан облысында Дима Билан есімді түсірілген қызықты видео әлеуметтік желілерде қызу талқылануда, деп хабарлайды Ait Media.

Instagram желісінде тараған роликте автор далада ойнап жүрген балаларға жақындап, бірінің аты-жөнін сұрайды. Ол өз есімін сенімді түрде «Дима Билан» деп таныстырады.

Автор таңғалып, нақтылап сұрағанда, бала бұл есімін тағы да растайды. Кейін автор бұл жағдайды басқа ер адамға айтып береді. Ер адам күліп, баланың фамилиясы шынымен «Билан» екенін жеткізеді. Осы сәтте ғана автор бұл жауаптың шын екенін түсініп, таң қала күлді.

Бейнеролик көпшілікке ерекше әсер қалдырып, пікірлер легін тудырды. Ең қызығы — пікірлердің біріне ресейлік танымал әнші Дима Билан өзі жауап беріп, әзілмен: «Менің ұлымды неге әшкерелеп қойдыңыздар?» деп жазған. Сонымен қатар ол видеоны парақшасында репост жасаған.

Бір бөлігі ең басты қызық фактіні атап өтті — танымал әнші Дима Билан-ның шын есімі Дима емес екенін еске салды: «Тіпті Дима Биланның өзі Дима емес, шын аты Виктор Белан ғой» деп күлісіп жазды. Айта кетейік, расымен де танымал әншінің шын есімі — Виктор Николаевич Белан.

Кейбіреулер болса баланың өзіне тән сенімді жауабын әзілге айналдырды: «Бала жай ғана “Дима” демей, фамилиясын да мақтанышпен айтып тұр» — деп жазған пікірлер көп болды.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.