Егіз түлектер ҰБТ-да 140 және 139 балл жинады
Қызылорда облысы, Шиелі ауданындағы №127 Ш. Уәлиханов атындағы мектеп-лицейінің бітіруші түлектері — егіз қыздар Алтынсары Кәусар мен Алтынсары Гауһар Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары нәтижелерге қол жеткізді, деп хабарлайды Ait Media.
Талапты түлектердің бірі — Алтынсары Кәусар 140 балл жинаса, егізі Алтынсары Гауһар 139 балл нәтижесін көрсетті. Түлектердің бейіндік пәндері — ағылшын тілі және дүниежүзі тарихы.
Сонымен қатар, қос түлек IELTS халықаралық емтиханынан 7.5 балл жинап, халықаралық сертификат иегері атанды.
Түлектердің мектеп бітіру салтанаты барысында ҰБТ-ға дайындау орталығы JUZ40 өкілдері арнайы қатысып, оқушыларды жоғары нәтижелерімен құттықтап, гүл шоқтарын табыс етті.
Желіде түлектердің жоғары жетістігі кеңінен талқыланып, қолданушылар тарапынан жылы лебіздер айтылуда. Көпшілік олардың табандылығы мен еңбегін жоғары бағалап, «жарайсыңдар», «алдағы өмір жолдарың ашық болсын», «үлкен жетістіктерге жете беріңдер» деген мазмұнда құттықтау пікірлерін қалдыруда. Сондай-ақ, егіздердің қарапайымдылығы мен білімге деген ұмтылысы көпшілік тарапынан ерекше атап өтілген.
View on Threads