USD 0.00
489.33
EUR 0.00
566.30
RUB 0.00
6.74
CNY 0.00
72.36

Джеки Чан Маңғыстауда: «Доспехи Бога 4: Ультиматум» фильмінің түсірілімі басталды

Screenshot 2026-06-15 114759
Фото: Legion-Media

Маңғыстау облысында әлемге танымал актер Джеки Чанның қатысуымен түсірілетін «Доспехи Бога 4: Ультиматум» халықаралық кино жобасының түсірілім жұмыстары басталды, деп хабарлайды Ait Media. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімдігі жариялады.

Кино түсірілімдері өңірдің ерекше табиғи нысандарының бірі – Бозжыра шатқалында өтіп жатыр. 7–12 маусым аралығында 35 адамнан тұратын түсірілім тобы алғашқы кадрларды түсіріп үлгерген.

Жобаның ұйымдастырушылары – Sәlem Entertainment компаниясы және Dala Edge Creative Tech Park. Түсірілім барысында Маңғыстау облысы әкімдігі тарапынан шығармашылық топқа жан-жақты қолдау көрсетілген.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай түсірілім тобы өкілдерімен кездесіп, өңірде креативті индустрияны дамыту, кино және тележобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ жастарға арналған сапалы медиаконтент өндіру мәселелерін талқылады.

— Маңғыстау киноиндустрия саласындағы ірі жобаларды жүзеге асыру үшін бірегей мүмкіндіктерге ие. Біз креативті экономиканы дамытуға, мәдени мұраны насихаттауға және өңірдің туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған бастамаларды қолдауға дайынбыз, — деді облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай.

Аталған жоба отандық киноиндустрия үшін маңызды оқиға болып саналады. Фильмде Маңғыстаудың ерекше табиғи және тарихи көрікті жерлері көрсетіліп, бұл өңірдің халықаралық деңгейде танылуына ықпал етпек.

Жоба 2026 жылы аяқталып, фильмнің әлемдік прокаты 2027 жылдың ақпан айына жоспарланған.

Поделиться