USD 2.40
439.37
EUR 3.78
498.60
RUB 0.01
5.22
CNY 0.28
65.55

Дропперлерге қарсы күрес: биыл 364 іс сотқа жолданған

pexels-towfiqu-barbhuiya-3440682-8693379
Фото: Pexels

Қазақстанда дропперлікке қатысты қылмыстық жауапкершілік енгізілгеннен кейін бұл бағыттағы жұмыстар күшейтілді. ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов дропперлерге қатысты қылмыстық істер бойынша статистиканы жариялады, деп хабарлайды AIT Media.

Оның айтуынша, биыл дропперлікке қатысты 1 018 қылмыс тіркелген. Оның ішінде 364 қылмыстық іс сотқа жолданған.

«Қазіргі статистика бойынша биыл 1 018 қылмыс орын алды. Өкінішке қарай. Алайда осы қылмыстардың санына келетін болсақ, 364 қылмыстық іс дропперлерге қарсы сотқа жолданды. Қазіргі таңда қажетті тергеу амалдары жүргізілуде», – деді Санжар Әділов.

Министр орынбасары қалған қылмыстарды ашу бойынша жұмыстар жалғасып жатқанын атап өтті.

Оның сөзінше, киберқылмысқа қарсы арнайы бөлімшелер тек орталықта емес, еліміздің барлық өңірлерінде жұмыс істейді. Олардың құрамында тергеушілер, жедел қызметкерлер мен цифрлық криминалистер бар.

Поделиться