AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 3.84
489.31
EUR 5.84
568.33
RUB 0.14
6.63
CNY 0.65
72.28

Димаш Құдайбергеннің латынамерикалық жанкүйерлері «Omir» халықаралық жобасын таныстырды

Screenshot 2026-06-04 123751
Фото: YouTube: @LatamVocesdeAmor

Димаш Құдайбергеннің Латын Америкасындағы жанкүйерлері алты елдің өнерпаздарын біріктірген «Omir» атты халықаралық шығармашылық жобаны ұсынды, деп хабарлайды Ait Media. 

Жобаға Коста-Рика, Мексика, Боливия, Аргентина, Уругвай және Чили елдерінен жиналған Dears қауымдастығының өкілдері қатысты. Қатысушылар қазақ тіліндегі «Omir» әнін орындау арқылы Димаштың шығармашылығына деген құрметін білдірген. Жанкүйерлердің айтуынша, бұл туынды әнші үшін де, оның әлемдік аудиториясы үшін де ерекше маңызға ие.

Жоба аясында әр елдің қатысушылары ортақ бастамаға өз үлесін қосып, вокалдық және шығармашылық жұмыстарға уақыт пен күш жұмсаған. Ұйымдастырушылардың пікірінше, алты мемлекет бір мақсатқа бірігіп, Димаштың өнеріне деген ықыласын білдіріп, оның туған күніне орай символдық түрде «біртұтас үнге» айналған.

Сондай-ақ әлемнің түрлі елдеріндегі Dears қауымдастығы Димаш әндерін қазақ тілінде орындап, мәтін мағынасын зерттеп, дұрыс айтуын үйреніп келеді. Жанкүйерлердің айтуынша, әншінің шығармашылығы көптеген шетелдік тыңдарманды қазақ тілі мен мәдениетіне жақындатқан.

Жоба қатысушылары былай деп атап өтті:

«“Omir” әні арқылы біз оған деген ең ізгі тілектерімізді, ерекше таланты үшін шынайы алғысымызды, сондай-ақ латынамерикалық Dears қауымдастығының Димашқа деген шексіз махаббаты мен қолдауын жеткізгіміз келді».

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.