Димаш Құдайбергеннің күйеу баласы жаңа әнін жарыққа шығармақ
Әнші, композитор Ермахан Аймаханов жұбайы, продюсер Раушан Құдайбергенмен бірге әлеуметтік желіде жаңа музыкалық жобасынан үзінді жариялады, деп хабарлайды Ait Media.
Жұп Instagram парақшасында «Tağdyryma Kel… Soon…» деген жазбамен романтикалық кадрмен бөлісті. Бейнежазбада табиғат аясындағы әсерлі көріністер көрсетіліп, жаңа әннің нәзік әрі лирикалық атмосферасы байқалады. Жоба алдағы уақытта толық нұсқада жарық көретіні хабарланды.
Желі қолданушылары жаңа туындыға жылы пікір білдіріп, әннің атмосферасын, әуенін және жұптың үйлесімін ерекше атап өтті. Көпшілік жаңа жобаны жылы қабылдап, пікірлерін жаудырды: «өте әдемі, нәзік атмосфера», «әннің вайбы ерекше», «нағыз хит болады», «жұптың үйлесімі керемет», «толық нұсқасын асыға күтеміз» деген сияқты комментарийлер көптеп жазылды.