AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 3.01
488.96
EUR 3.75
569.49
RUB 0.02
6.81
CNY 0.47
72.28

Димаш Құдайберген жаңа жеке концерттік турын жариялады

68834f869aa6b759455711
Фото: dimashnews.com

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өзінің жаңа ауқымды концерттік турының басталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ait Media.

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында алдағы концерттердің алғашқы бекітілген кестесін жариялап, жанкүйерлерімен қуанышты жаңалығын бөлісті.

«DimashAli» шығармашылық орталығы Димаш Құдайбергеннің жаңа жеке концерттік турының басталатынын хабарлады.

«Бүгін біз турдың алғашқы күндерін ұсынамыз. Концерттік кесте толықтырылып отырады, ал жақын арада жаңа қалалар мен концерт күндері жарияланады.

Сондай-ақ, жаңа турдың алғашқы концерті өтетін қала туралы ақпаратпен де жақын уақытта бөлісеміз», – делінген хабарламада.

Алғашқы жарияланған кестеге сәйкес, әлемдік тур 2026 жылдың қазан айында Еуропада басталып, кейін Латын Америкасы елдерінде жалғасады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл тізім әлі де толықтырылады.

Концерттер келесі қалаларда өтеді:

– 18 қазан – Краков, Польша
– 24 қазан – Дюссельдорф, Германия
– 30 қазан – Мадрид, Испания
– 11 қараша – Мерида, Мексика
– 14 қараша – Монтеррей, Мексика
– 17 қараша – Гвадалахара, Мексика
– 19 қараша – Мехико, Мексика
– 20 қараша – Мехико, Мексика
– 22 қараша – Богота, Колумбия
– 24 қараша – Сантьяго, Чили

Әлемнің түкпір-түкпіріндегі Димаштың жанкүйерлері жаңа тур туралы жаңалықты ерекше ықыласпен қабылдап жатыр. Әсіресе, бұл гастрольдік турда Латын Америкасы елдеріне басымдық берілгені көпшіліктің назарын аударып, сол ел тұрғындары қуаныштарын жасырмауда.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.